Сіз қазір қарап жатырсыз Дүниежүзілік философия күніне орай – Ақпарат күні!

Дүниежүзілік философия күніне орай – Ақпарат күні!

Ғылыми кітапхана қызметкерлері «Экономика және құқық» институтында «Философия және әлеуметтік гуманитарлық пәндер» секциясының профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларға арналған Ақпарат күнін ұйымдастырды.

Шара мақсаты – кітапхана қорына жаңадан түскен философия, саясаттану, әлеуметтану, логика және басқа да жалпы білім беру пәндеріне қатысты әдебиеттерді таныстыру.

Қатысушылар «ADAL KITAP», «Лантар books», «Дарын» секілді отандық баспалардан шыққан жаңа кітаптарға қызығушылық танытып, өз пікірлерімен бөлісті.

Философия – ойлау мәдениетінің негізі. Ал кітап – сол мәдениеттің айнасы. Осындай танымдық шаралар білім мен рухани дамуға жол ашады!

Пікір үстеу