Сіз қазір қарап жатырсыз ЖАҢАРҒАН КІТАПХАНА — ОҚЫРМАНҒА ҚОЛАЙЛЫ КЕҢІСТІК

ЖАҢАРҒАН КІТАПХАНА — ОҚЫРМАНҒА ҚОЛАЙЛЫ КЕҢІСТІК


Ғылыми кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Жаңарған кітапхана – оқырманға қолайлы кеңістік» тақырыбында тренинг өтті.

Мақсаты – университет кітапханасының модернизациядан өткен, заманауи келбетімен таныстыру және цифрлық қызметтерімен тәжірибе алмасу.

Шараға Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры м.а. А.Е.Жанғабылова, А.С.Пушкин атындағы қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Г.Ш.Рахметова, аудандық және қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапхана қызметкерлері, «Болашақ» және «Қызылорда ашық университеті» кітапханашылары, сондай-ақ Қызылорда қаласының жоғары колледж кітапханаларының мамандары қатысты.

Пікір үстеу