arXiv — физика, математика, информатика, биология, қаржы, статистика, электротехника, жүйелік ғылым және экономика салаларындағы шамамен 2,4 миллион ғылыми мақалаларға ашық қолжетімді мұрағат. Бұл сайттағы материалдар рецензияланбайды.
CaltechAUTHORS — Калифорния технологиялық институтының зерттеу еңбектері репозиториі. Онда журналдық мақалалар, диссертациялар, патенттер, кітаптар, конференция баяндамалары, кітап тараулары және веб-сайттар жинақталған.
SSRN — әлем ғалымдарының ерте зерттеу нәтижелерімен алмасуын, идеялардың дамуын және ғылыми жетістіктерді бағалауды қолдайтын пәнаралық зерттеу платформасы. Платформада 65-тен астам пән бойынша 1 463 042 ғылыми жұмыс және 1 871 574 зерттеушінің еңбектері бар.
Zenodo — барлық ғылыми еңбектерге арналған ашық репозиторий, мұнда әрбір ашық жүктеме сандық объект идентификаторымен (DOI) белгіленеді. Zenodo платформасы Mendeley, ORCID, Crossref және OpenAIRE жүйелерімен өзара байланыста жұмыс істейді.
Cogprints — философия, психология, жасанды интеллект, информатика, математика бойынша материалдар мұрағаты.
vovr — Ресейдегі жоғары білімнің қазіргі жағдайын пәнаралық фундаменталды және қолданбалы проблемалық зерттеулердің нәтижелерін жариялайтын ғылыми-педагогикалық журнал.