Сіз қазір қарап жатырсыз 15 қараша – Ұлттық валюта – Теңге күні және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі!

15 қараша – Ұлттық валюта – Теңге күні және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі!

Экономика және құқық институтының «Қаржы, есеп және аудит» білім беру бағдарламасы мен ғылыми кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен кәсіби мерекеге орай мазмұнды іс-шара өтті.

Іс-шара аясында қаржы саласының тәжірибелі мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Қызылқұм» және «Turanium» ЖШС-нің бас бухгалтері Даирова А.С., Қызылқұм ЖШС-нің бас менеджерлері Қалкөзова Г.А., Кежебек Ж.А., Көшербаев А.Ж. қатысып, қаржы саласындағы тәжірибелерімен бөлісті, студенттерге кәсіби бағыт-бағдар беріп, құнды кеңестер ұсынды.

Сонымен қатар, кітапхана қорындағы қаржы саласына арналған әдебиеттерден кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар назарына ұсынылды.

Осындай кездесулер – болашақ мамандар үшін тәжірибе алмасудың, кәсіби даму мен ынтымақтастықтың маңызды алаңы.

Пікір үстеу