Жасанды интеллект институтының білім алушылары үшін кітапхана қорындағы құнды еңбектер мен жаңадан түскен басылымдарды таныстыру мақсатында Ақпарат күні ұйымдастырылды.
Мақсаты:
• Студенттерді жаңа кітаптармен және ғылыми еңбектермен таныстыру
• Оқу процесінде кітапхананың рөлін арттыру
• Жаңадан түскен басылымдарды насихаттау арқылы ізденісті қолдау
Көрмеде кітапхана қорына жаңадан түскен еңбектермен қатар, Республикалық корей газеті «Коре Ильбо» және басқа мамандыққа қатысты өзге де мерзімді басылымдар қойылды.

