You are currently viewing ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Ғылыми кітапхана ұжымы «Қорды толықтыру және ғылыми өңдеу» бөлімінің меңгерушісі БИСЕНОВА ҰМЫТШАҚ ШАУХАНБАЙҚЫЗЫН 60 жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!

Ұмытшақ Шауханбайқызы университет кітапханасында 30 жылдан аса уақыт бойы кітапханашы, библиограф, бөлім меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарып келеді.

Мерейтой қарсаңында әріптесімізге Қызылорда облысы әкімінің орынбасары М.Шермағанбет, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Ж.Базартай атынан құттықтауларды Қызылорда қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мусаева Гүлшат Исақызы табыстады. Сонымен қатар, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Басқарма Төрағасы-Ректордың м.а. Д.М.Абдрашева құттықтау адресатын жолдап, университет кәсіподақ комитеті естелік сыйлықтарын табыстады.

Ұ.Ш.Бисенованың 60 жас мерейтойына орай салтанатты жиын ұйымдастырылып, кітапхана ардагерлері, әріптестері мен қонақтар жылы лебіздерін білдірді.

Әріптесімізді мерейтойымен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына бақ-береке, еңбегіне табыс тілейміз! Өмірдің барша қуаныштары мен жақсылықтарына кенеле беріңіз!

Leave a Reply