27 ақпан күні кітапхана қызметкерлері мен Гуманитарлық-педагогикалық институтының білім алушылары бірлесіп қазақ халқының ұлы жыршысы, айтыс өнерінің дүлдүлі Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған “ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ АЛЫБЫ” атты әдеби кеш өткізді.
Бұл рухани шараның мақсаты – Жамбыл Жабаевтың асқақ жырларын дәріптеу, қазақ поэзиясының құдіретін жас ұрпаққа таныту, ұлттық рухты ояту.
Әдеби кеш барысында ақынның өлеңдері оқылып, айтыс өнерінің мәні мен маңызы айшықталды.
