You are currently viewing Ұлттың рухын оятқан Алаш арысы

Ұлттың рухын оятқан Алаш арысы

«Open space» кітапханасында қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған, ұлт азаттығы үшін күрескен, ағартушылық пен мәдениетті дәріптеген қайраткер Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына арналған әдеби кеш өтті.
Шараның мақсаты – М.Дулатұлының ағартушылық және мәдени қызметін насихаттау, қазақ халқының тарихи санасын жаңғыртудағы рөлін таныту, шығармашылық мұрасын келер ұрпаққа жеткізу.
Кеш барысында студенттер ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, викториналық сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтармен марапатталды.
«Ұлттың рухын оятқан Алаш арысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге М.Дулатұлының шығармалары мен зерттеу еңбектері қойылды. Кітапхана қызметкері Г.Қарымсақова библиографиялық шолу жасады.
Міржақып Дулатұлының «Ұлттың болашағы – жастардың қолында» деген аманаты бүгінгі күні де өзекті болып қала бермек.

Leave a Reply