You are currently viewing Кітапханашылар күніне арналған рухани кездесу

Кітапханашылар күніне арналған рухани кездесу

24-қазан – Кітапханашылар күніне орай «Open space» кітапханасында кітапхана ардагерлері мен кітапханашылардың қатысуымен салтанатты кездесу өтті.

Іс-шара мақсаты – кітапхана саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ардагерлердің еңбегін бағалау, жас мамандарға үлгі ету және ұрпақтар сабақтастығын нығайту.

Ардагерлер өздерінің еңбек жолындағы естеліктерімен бөлісіп, кітапхана ісінің дамуына қосқан үлестері жайлы әңгімеледі.

Кітапхана ардагері Р.Т. Доспаева авторлық «Сыр бұлбұлы» атты кітабын кітапхана қорына сыйға тартты.

Жас кітапханашылар ардагерлерге алғыс сөздерін арнап, құрмет көрсетті. Іс-шара соңында ардагерлерге естелік сыйлықтар табысталды.

Бұл кездесу – кітапхана қызметкерлері үшін кәсіби шабыт пен рухани серпіліс көзіне айналды.

Leave a Reply