![]()
Гуманитарлық-педагогикалық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының жанындағы «Журналист» үйірмесі мен ғылыми кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында «Төлен Әбдіктің парасат әлемі» атты интеллектуалды сайыс өтті.
![]()
Білім алушылар төрт кезең бойынша бақ сынап, жазушы, драматург Т.Әбдіктің шығармашылық әлемі аясында дайындалған сұрақтарға жауап беріп, бейнетуындылар жасап, өздерінің интеллектуалдық қабілеттерін көрсетті.
![]()
Үйірме жетекшісі аға оқытушы Абдразақова Аякөз Қожамырзақызы білім алушыларға шығармашылық табыс тілеп, алғысын білдірді.
![]()
Шараға жазушының шығармашылығына арналған арнайы кітап көрмесі жасалды. Кітап көрмесінде жазушының адамгершілікке, ізгілікке толы «Парасат майданы» атты повесі таныстырылды.
![]()
Шараның мақсаты — кітап оқу деңгейін жоғарылату, кітап мәртебесін көтеру.






