14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай кітапханамызда «Шын жүректен кітап сыйла» атты акция ұйымдастырылды.
Бұл игі шараның мақсаты – кітап оқуды кеңінен насихаттау, рухани байлықты дәріптеу және қоғамда мейірімділік пен достықты кітап арқылы жеткізу.
Ұйымдастырылған шараға гуманитарлық–педагогикалық, инженерлі–технологиялық, педагогика және дәстүрлі өнер, экономика және құқық институттарының оқытушылары мен білім алушылары белсенді қатысып, өздерінің сүйікті шығармаларын кітапханаға сыйға берді. Акцияға атсалысқан барша қатысушыларға үлкен ризашылығымызды білдіреміз!

