Вы сейчас просматриваете Ардагерлерге құрмет – рухани сабақтастықтың белгісі

Ардагерлерге құрмет – рухани сабақтастықтың белгісі

 Кітапхана саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагерлерімізге мереке қарсаңында сый-құрмет көрсетілді. Ардагер апаларымыз өздері ұзақ жылдар қызмет еткен кітапхананың жаңарып, жаңғырғанын көріп ерекше қуанышқа бөленді.

Олардың естеліктері мен бай тәжірибесі бізге шабыт беріп қана қоймай, мамандығымызға деген мақтаныш сезімін арттыра түсті. Бұл кездесу – өткенді құрметтеп, бүгінгі еңбекті бағалап, болашаққа сеніммен қараудың жарқын үлгісі болды.

 Алда келе жатқан нәзік жандылардың төл мерекесі – 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен барша әйелдер қауымын шын жүректен құттықтаймыз! 

Добавить комментарий