Вы сейчас просматриваете Ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу күні

Ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу күні

16 қаңтар күні А.С. Пушкин атындағы Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері университеттің №1 ғимаратында орналасқан заманауи кітапханамыздың ашылуымен арнайы құттықтап келді.

Әріптестерімізді жаңа кітапхананың мүмкіндіктерімен таныстырып, «МегаПРО» автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйесіндегі цифрлық қызметтер бойынша тәжірибе алмасу жүргізілді.

Кітап қорын толықтыру бөлімінің қорды толықтыру, есептен шығару және қызмет көрсету бөлімінің толық автоматтандырылған қашықтан қызмет көрсету бағыттары бойынша пайдалы пікір алмасулар өтті.

Әріптестерімізге жылы лебіздері мен жемісті ынтымақтастығы үшін ризашылығымызды білдіреміз!

Добавить комментарий