ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТ – ЖАРИЯЛАНЫММЕН ӨЛШЕНЕДІ
Университет кітапханасының бастамасымен өткен семинарда оқытушылардың ғылыми жарияланымдық белсенділігін арттыру мәселесі талқыланды. «EDP Hub» компаниясының бас маманы, сарапшы Гүлжауар Бикжанова
— цифрлық білім ресурстары;
— заманауи баспа алаңдары ;
— оқулықтарды қайта басу;
— ғылыми еңбектерді ұлттық және халықаралық платформаларға шығару тетіктерін ұсынып, маңызды ақпараттармен бөлісті.
Оқытушылар құрамы үшін баспагерлік ынтымақтастық бағыты бойынша оқулықтар мен монографияларды шығару/қайта шығару, оқытушылар еңбектерін цифрлық өнімдерге енгізу — университеттің ғылыми мектебін ілгерілетуде тамаша мүмкіндік.
Ақпарат – мүмкіндік. Ал жарияланым – нәтижеге апарар нақты жол!



