Вы сейчас просматриваете 25 қазан- Республика күні – еліміздің еркіндікке қадам басқан тарихи күн!

25 қазан- Республика күні – еліміздің еркіндікке қадам басқан тарихи күн!

Осы айтулы мереке қарсаңында «Open space» кітапханасында Республика күніне арналған «Мәңгі жаса, қыран елім- Қазақстан» атты кітап көрмесі жанында әңгіме ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – жастарға еліміздің егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, еліміздің қоғамдық- саяси , әлеуметтік, рухани өміріндегі тәуелсіздік жолындағы тарихи кезеңдері мен жетістіктерін насихаттау.
Білім алушылар көрме жанында әңгімені тыңдап, әдебиеттермен танысты.
Бірлігіміз- берік, Тәуелсіздігіміз – мәңгілік болсын!

Добавить комментарий