Вы сейчас просматриваете «ПОЭЗИЯ, МЕНІМЕН ЕГІЗ БЕ ЕДІҢ…» әдеби кеші

«ПОЭЗИЯ, МЕНІМЕН ЕГІЗ БЕ ЕДІҢ…» әдеби кеші

Экономика және құқық институтының білім алушылары мен ғылыми кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш өтті.

Іс-шараның мақсаты – ұлттың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, жастардың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу.

Кеш барысында студенттер ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, сахналық көріністер көрсетті. Әндер шырқалып, арнаулар айтылды. Шара соңында ақын шығармашылығына арналған кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды.

Ұлы ақынның мұрасы – мәңгілік!

Добавить комментарий