Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Бағдат Кәрібозұлы ғылыми еңбектерін және жеке кітапханасынан 200-ге жуық құнды басылымдарды университеттің ғылыми кітапхана қорына сыйға тартты.
Бұл еңбектер оқу үдерісін жетілдіруге, білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына тың серпін берері сөзсіз.
Қамқорлығы мен рухани қазынасын университеттің кітапханасына табыстағаны үшін профессор Бағдат Кәрбозұлына зор ризашылығымызды білдіреміз!
