Студенттер сарайында «Мұстафа Шоқай мұраларын зерттеудің өзекті мәселелері: Тарих, Таным және Тағылым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.
Іс-шараға отандық және шетелдік ғалымдар, зерттеушілер қатысып, Мұстафа Шоқайдың тарихи мұрасы, саяси көзқарастары мен рухани-мәдени ықпалы жан-жақты талқыланды.
Шара аясында Ғылыми кітапхана қызметкерлері «Түркі әлемінің алыбы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге Мұстафа Шоқайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды әдебиеттер қойылды.
Бұл конференция – тарихи тұлғаның мұрасын жаңаша тануға, ғылыми ортада терең талдауға жол ашқан маңызды алаң болды.
