Тарихшы-этнограф, шығыстанушы Құрбанғали Халидидің шөбересі Сафария Теңізбаева «ШЫҒЫСТЫҢ БЕС ЕЛІНІҢ ТАРИХЫ» атты екі томдық құнды еңбекті кітапхана қорына сыйға тартты.
Бұл еңбек – Қазақстан мен Орталық және Орта Азия халықтарының ортақ тарихын терең әрі ғылыми тұрғыда баяндайтын бірегей туынды. Онда түркі тектес ұлттардың этнографиясы, саяси-жағырапиялық кеңістігі, ел мен жер атаулары, әдеби тілдің қалыптасу үрдісі жан-жақты қарастырылған. Сондай-ақ қолжазба мәтінінен аталған ұлттардың әдеби тілінің қалыптасу үрдісі барынша қанық аңғарылады
Еңбектің ғылыми маңызы:
• Түркі халықтарының тарихи байланысы
• Этнографиялық және шежірелік деректер
• Әдеби тілдің даму жолы
• Шығыстану мен дінтану саласына қосқан үлесі
Бұл кітап тарихшыларға, шығыстанушыларға, дін қызметкерлеріне, студенттерге және жалпы оқырманға қызықты әрі пайдалы мәліметтер береді.
Тарихты тану – болашақты бағалау!