ДБ «Web of Science»

Пәнаралық және аймақтық көрсеткіштер индекстеріне, арнайы деректерге және патенттік көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін рефераттық-библиографиялық қор. Платформа 159 миллионнан астам жазбалардың 1,7 миллиардтан астам сілтемелерін пайдалана отырып, 34 000-нан астам журналдарды іздеуге, барлық пәндер мен уақыт кезеңдері бойынша идеяларды қадағалауға мүмкіндік береді.

ДБ «Scopus»

Рецензияланған әдебиеттердің – ғылыми журналдардың, кітаптардың және конференция материалдарының рефераттары мен дәйексөздерінің дерекқоры. Scopus 25 000 белсенді басылым мен 7 000 баспаның контентін индекстейді.

ДБ «SciVal»

Халықаралық ғылыми зерттеулерді мониторингтеу мен талдауға арналған онлайн-платформа. Scival модульдік платформасы 230 елден 12000-нан астам ұйымдардың (ЖОО, Мемлекеттік және корпоративтік ғылыми-зерттеу орталықтары) ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін ұсынуды және бағалауды қамтамасыз етеді. SciVal үшін Scopus дерекқоры деректер көзі болып табылады. Авторизацияға арналған деректер Scopus-пен бірдей.

ДБ «Science direct»

Рецензияланған ғылыми әдебиеттердің жетекші платформасы. Elsevier Science Direct 100-ден астам елдегі 1750 белсенді журналдардың 18 миллионнан астам мақалаларының толық мәтінін қамтиды.

СБР «IPR SMART»

IPR SMART-та қазақ тіліндегі кітаптар да бар (525 басылым).  Құрамында заманауи цифрлық қызметтер, соның ішінде мамандандырылған ұйымдардың сараптамалық қорытындыларымен көру мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған заманауи бейімделу технологиялары бар және мобильді қосымшасы бар. 

«Эпиграф»  деректер қоры

Қазақстандық «ЭВЕРО» баспасынан шыққан Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына арналған 2000-нан астам атаудағы монографиялардың, оқулықтар мен оқу құралдарының толық мәтініне қолжетімділікті қамтамасыз ететін отандық ресурс. Басылымдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған. 

«Параграф» ақпарттық жүйесінің «ЮРИСТ» деректер базасы

Құқықтық нормативтік құжаттар мен консультациялар күн сайын толықтырылып және жаңартылып отыратын ақпарат базасы. Деректер базасында нормативтік құқықтық актілердің мәтіндері: заңгер-ғалымдар мен практиктердің заңнамалар бойынша түсіндірмелер, Жоғарғы Соттың және ҚР басқа да соттарының шешімдері; сот практикасына шолулар; Қазақстан Парламенті қарайтын заң жобалары; құқықтық және іскерлік құжаттардың үлгілік нысандарымен қатар басқа да құжаттар қамтылған.